Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қош келдің, қоян!

Қош келдің, қоян!
ашық дереккөз
Қош келдің, қоян!
Қоян, міне, түріп елдің түндігін, Орғып жетті, есік қағып тұр бүгін. Япырмау, уақыт неткен жылдам еді. Нар тәуекел, жыл бастайтын туды күн! Жатыр жұртым ақ тілегін ақтарып, Ықыласы тұрсын дәйім ақталып. Лебіз-ниет, бата-тілек қабыл боп, Ырыс-құттар қалсын елде сақталып! Қазағымның ашық болып аспаны, Ұлт мүддесін ұлықтасын жастары! Төмендетпей тәуелсіздік тұғырын, Термен келсін дастарқанға астары, Ысырылып түспесін бақ бастағы! Болмасын бар еңбектің еші күнде, Оқ көрмесін даламның төсі мүлде! Лап қойсыншы Жаңа жылда жақсылық, Сағат сайын әрбір үйдің есігіне. Ықыласын төгіп Алла еліме, Нық тербетсін тыныштық бесігінде!

Ізгі ниетпен, Масат БЕРІК, Тараз қаласы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар