Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді

Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді
ашық дереккөз
Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді
Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Францияның «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командалары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді. «Пари Сен-Жермен» 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді. Айта кетсек, «Аль-Наср» командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісім-шартқа қол қойды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар