Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бірлігі бекем ел озар

Бірлігі бекем ел озар
ашық дереккөз
Бірлігі бекем ел озар
Тараз қаласындағы «Достық үйінде» өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жыл қорытындысына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев облыс әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған «Татулық және келісім» байқауына қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Бұл байқау өңірдегі ұлтаралық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайтуда Ассамблеяның рөлі және ұлтаралық қатынастың қазақстандық моделін насихаттауға үлес қосқан этномәдени бірлестіктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарын көтермелеу, ынталандыру және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жылдық есепте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Жуалы ауданы «Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Лечи Оздамиров, облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жоғары санатты дәрігер Тимур Аширов марапатталды. «Жамбыл облысы немістер қоғамы» бірлестігінің мүшесі Дария Барсуковаға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановқа, Тараз қаласының «Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Абдурахман Зайнуддинов және Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Владимир Сорокинға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты табыс етілді. Сондай-ақ БАҚ өкілдері арасынан облыстық «Aq jol» газетінің экономика бөлімінің меңгерушісі Марат Құлибаев та марапатталушылар қатарынан көрінді.

Нұржан ӘЛІШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар