
Жамбыл облысының құтқарушылары қар басқан жолдарда қалып қойған 326 адамды құтқарды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, 3 қаңтар сағат 10.15 пен 4 қантардың таңғы 5-ке дейін Жуалы, Сарысу және Қордай аудандарының өрт сөндіруші-құтқарушылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде 326 адамды құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізген. Айта кету керек, құтқарылған жолаушылар қатарында 72 бала бар.


AR-AI АҚПАРАТ
Келесі мақала