Бұл туралы Arainfo тілшісі Ақорданың расми сайтына каналына сілтеме жасап хабарлайды. Оралов Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі: Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті. Еңбек өтілі: Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.
2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а. 2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.
2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі. 2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
AR-AI АҚПАРАТ