Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Төрлет, жаңа жыл!

Төрлет, жаңа жыл!
ашық дереккөз
Төрлет, жаңа жыл!
Жаңа жылым – жаңа күнім ардақты, Жаңа жылым – салиқалы, салмақты. Қазағымның айқара ашып есігін, Жақсылықпен жаңалығын жалғапты. Жаңа жылым – жаңа айым ақ берен, Жаңа жылым келді бірге бақпенен. Төрт түлігім түгел болып жерімде, Арылмасын дастарқаннан ақ деген! Жаңа жылым – жарқын жүзді жандарым, Жаңа жылым – әрбір атқан таңдарым. Үміт артқан болашаққа ақжарқын, Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың. Жаңа жылым – тіршілігім, тынысым, Жаңа жылым – күнделікті жұмысым. Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап, Сәбиімнің бұза көрме тынышын! Жаңа жылым – бейбіт күнім жаратқан, Жаңа жылым – достық үнін таратқан. Елің үшін, жерің үшін кең-байтақ, Жаңа жылда жаңа күнмен қанаттан! Жаңа жылым – ырысы мол, дана бір, Жаңа жылым – жазылмаған жаңа жыр. Өз еліме ала келсін қашанда, Жаңа жылым жаңа бақыт, жаңа нұр!

Сайлаубек ТОЙЛЫБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар