Қоғам
Қанат Мусин жаңа жұмысы туралы: Маңызды қызметке тағайындалып отырмын
- author AR-AY
- 30 желтоқсан, 2022
- 188
Қанат Мусин жаңа жұмысы туралы: Маңызды қызметке тағайындалып отырмын
Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Атап айтқанда, бүгін осы қызметке тағайындалуыма Мәжіліс депутаттары сенім білдірді. Бүгінге дейін Конституциялық Сот жайында көп айтылған болатын,бүгін енді осы маңызды қызметке тағайындалып отырмын. Осы орайда алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін бар күш-жігерімді салатын боламын. Сондықтан ауқымды жоспар бар және оны іске асыруға еңбек етеміз», - деді Қ. Мусин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте ҚР Конституциялық Сотының судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусин, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев және Сергей Федорович Ударцев тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды. 29 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың төрағасы қызметіне Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды. Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Э. Азимованың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды. Олар өз қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. Сонымен қатар бүгін Сенаттың жылпы отырысында ҚР Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды.
Келесі мақала