Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БЕЛГІЛІ БЛОГЕРЛЕР ЖАҢАТАСТЫҚ ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

БЕЛГІЛІ БЛОГЕРЛЕР ЖАҢАТАСТЫҚ ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ашық дереккөз
БЕЛГІЛІ БЛОГЕРЛЕР ЖАҢАТАСТЫҚ ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Instagram желісінде 3.2 миллион оқырманы бар NNN есімімен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын бастаған Әлішер Қонысбаев, тағы да басқа блогерлер Жаңатас қаласында жастармен кездесу өткізді.  Кездесуде түрлі ойындар ойнатылып, белсенді 150 балаға ойыншықтар таратылды. Әрі қарай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындардың көңілін бір серпілтіп тастады. Іс-шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, игі бастаманы жалғастырған жастарға алғысын білдірді. Айта кету керек, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Dvery-city» дүкендер желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Досбол Жылқыбаевтың бастамасымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, блогерлер де депутатпен бірге ауылдық округтерді аралап, білім ордасының оқушыларына оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар мен сапалы сөмкелерін үйлестірген болатын.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар