Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алжан ағайдың оқушылары алдына жан салмады

Алжан ағайдың оқушылары алдына жан салмады
Автор
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Тұрар Рысқұлов ауданында 2014-2015 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа 12 команда қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Нәтижесінде Тараз қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназияның командасы қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, І орынды иеленді. ІІ орын Қызылшаруа ауылындағы №3 орта мектептің командасына бұйырды. Ал Максим Горький атындағы орта мектептің командасы ІІІ орынды місе тұтты.

Айта кетейік, жеңімпаз команданы Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназияның волейбол үйірмесінің жетекшісі Алжан Жусанбаев жаттықтырады. Спорт саласында 25 жылдық тәжірибесі бар бапкердің сөзінше, жарысқа дайындық оқу жылының басында басталған.

– Турнирге жанымызды салып дайындалдық десем артық айтқандық емес. Бір айта кетерлігі, мектебімізде өткен жылы волейбол үйірмесі жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда 3-7-сыныптарда оқитын 30-дан аса қыз балаға жетекшілік етемін. Әр сыныптан 3-5 оқушыдан үйірмеге қатысады. Барынша аудандық, қалалық жарыстарға қатысып тұрамыз. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен қалалық жарыста да жүлдегерлер қатарынан көрініп, ІІІ орын иеленген болатынбыз. Бүгінгі сайыс та өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе «Құлан-1» командасына қарсы ойын өте тартысты болды, – дейді Алжан Бейбітұлы. Жеңімпаз командалар Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының арнайы диплом, медальдарымен марапатталды.

Н.МҰСАТИЛЛАҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар