Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ
ашық дереккөз
ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы бүгінгі таңда өз тиімділігін көрсетіп отыр. Ауылдық округ тұрғындары 2,5 пайызбен несие алып, тірлік бастап, тұрмысын жақсартып, игілігін көруде. Көпке шарапатын тигізген жоба келесі жылы Жуалы ауданының Жетітөбе және Қызыларық ауылдық округтерінде жүзеге асатын болады. Жуырда жобаны түсіндіру мақсатында «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында құрылған топ мүшелері Жетітөбе және Қызыларық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Жиында ауыл тұрғындарына жобаның мақсаты мен несие алу жолы кеңінен түсіндірілді. Айта кетейік, топтың құрамында Гүлмира Серікмұратқызы, Нұрлан Дулатов, Айман Ақынбекова, Ұланбек Нұрманов, Жандос Бекенұлы және «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Ынтықбайұлы бар. Сондай-ақ кездесуге аудан әкімінің орынбасары Рахымғазы Құниязов, Жетітөбе ауылдық округінің әкімі Рәтбек Көсембаев және Қызыларық ауылдық округінің әкімі Ермұхамед Сүгірбеков қатысты. Кездесу барысында арнайы топ несиенің қайтарымы 2,5 пайызды құрайтынын және жұмыссыз отырған халықтың өз кәсібін бастауына жақсы мүмкіндік екенін атап өтті. – Мемлекеттің мақсаты – халыққа несие тарату  емес, халықтың өз кәсібін бастауына жәрдемдесу. Екінші деңгейдегі банктер кәсіп бастау үшін төмен пайызбен несие бермейді. Мұндағы басты талап – берілген қаржы мақсатты жұмсалулы қажет, – деді топ мүшесі Гүлмира Серікмұратқызы. Келесі кезекте аудан әкімінің орынбасары Рахымғазы Нұрғазыұлы пилоттық жоба шеңберінде 2021 жылы Ақтөбе және Ақсай ауылдық округтерінің тұрғындары бес бағыт бойынша несие алып, тұрмыстық табысын арттырғанын атап өтті. Өз кезегінде мобильді топ мүшелері жеңілдетілген несие аларда тұрғындарға қойылатын талаптарға тоқталып, қазірден құжаттарын реттеу керектігін баса айтты.

Үміт МАДИЯРБЕК, журналист, Жуалы ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар