БАЙЗАҚТАҒЫ БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын орындау жөніндегі кешенді жоспар Байзақ ауданында да өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінде аймақта 14-29 жас аралығында 25720 жас тіркелген. Бұл жалпы аудан халқының 21,7 пайызын құрайды. Осы жылға бекітілген межеге (индикатор) сәйкес, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 991 жасты тарту жоспарланса, қазіргі таңда 279 жас қамтылды.
Нақты межелер айқындалған 10 индикаторлық көрсеткіште белгіленді. Оның ішінде, 7 көрсеткіш аудан жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталған. Индикатордың тағы бір тармағы – жастарға кеңес беру. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында 5 918 өренге консультациялық кеңес беріліп, меже 100 пайызға орындалды. Жастар ресурстық орталығы тарапынан жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жасыл ел » еңбек жасақтарын құру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga – kenes», «Jastarga–bilim», «Jastarga–qyzmet», «Jastarga – jumys» жобалары аясында түрлі сала мамандарын тарта отырып 11 көшпелі кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Онда жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жер қатынастары, денсаулық сақтау салалары мен «Отбасы банкінің» мамандары кеңес берді.
«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйытқы болуымен 526 іс-шара өткізіліп, бұл бойынша 18 826 азамат қамтылды. Атап айтар болсақ, орталықтың отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында жұмыс жоспары бекітіліп, соған сәйкес «Неке және отбасы», «Отбасы құндылығы» және «Отбасы– бақыт мекені», «Ең жақсы отбасыальбомы» атты байқау, кездесулер өткізілді. Отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі білім, аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп жайсыз отбасылардың қатысуымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету мақсатында «Мамандық таңдау», «Жас маман», «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыптарында 26 кездесу және демотренингтер өтті. Мемлекеттік білім беру гранты және «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен 22 кездесу, сондай-ақ жастардың бойында жігер, қайрат, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін шыңдау мақсатында «Өмірдің ғажайыбы», «Мен жастарға сенемін», «Арманда, іске асыр» тақырыптарында жастармен мотивациялық 11 тренинг, 7 кездесу өткізілген болатын. Құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бойынша өткен 43 іс-шараға 1590 адам қамтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында, атап айтсақ «Қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ» атауымен 7, «Жастар арасындағы құқықтық мәселелерін қалыптастыру» тақырыбында 5 іс-шара ұйымдастырылды.
Сон ымен қатар Түймекент, Суханбаев, Дихан, Сарыкемер ауылдық округтерінде «Қоғам сақшысы», «Түнгі рейд» тақырыбында аудандық полиция бөлімімен бірлесе іс-шаралар өтті. Сондай-ақ ауылдық округтердегі білім ошақтарында жоғары сынып оқушыларымен «Интернет және құмар ойындардың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарында 4 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жалпы 4 іс-шара ұйымдастырылып, құқықбұзушылық туралы дайындалған бүктемелер таратылды. Волонтерлік қозғалыс бойынша 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1040 жас тартылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аудан жастарына насихаттау мақсатында арнайы топ құрылған. Жолдаудың басым бағыттарын жастар арасында түсіндіруде аудан белсенділері де атсалысты. Жалпы, бұл тұрғыда 9 іс-шара ұйымдастырылды. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарын жан-жақты түсіндіру және өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бойынша желілік кестеге сәйкес жастар арасында 36 іс-шара өткізілді.
Бұдан бөлек ағымдағы жылдың сәуір, маусым айларында облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы Асылхан Қалмырзаев, облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бексұлтан Бекмолдаевтың қатысуымен «Ұлт болмысы және интернет: Жаһандану үдерісінде», «Діни эк стремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыптарында мазмұнды жиындар ұйымдастырылды. Басқосуларда қазіргі кездегі салт-дәстүрдің сабақтастығы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары айтылып, өзара пікір алмасылды.
Қиналғанға қол ұшын с озып, айналасындағыларға дәйім қамқорлық танытып жүретін еріктілердің де өзіндік орны бар. Осы орайда белсенді жастар көктемгі дала жұмыстарына тартылып, тал -д арақтар егу, көгалд ан дыру акцияларына атсалысты. Экологиялық мәдениет қалыптастыру және көгеріштендіру мақсатында еріктілер «Таза ауыл», «Экосана», «EkoLiFe» тақырыптарынд а сенбілік тер ұйымдастырып, табиғат 9 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартылды. Одан өзге волонтерлік «Қамқор» бағыттары аясында әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, 13 отбасына азық-түлік жеткізіліп, 19 үйге тазалық жұмыстары жүргізілді.
Біздің мекеме аудан жастарымен бірлесе отырып, алдағы уақыттарда да жүйелі жұмыстар жүргізе беретін болады.
Бағдат АДИЛОВ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, Байзақ ауданы
Келесі мақала