Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдықтар референдумға белсенді қатысты

Жамбылдықтар референдумға белсенді қатысты
А.Рысмахан
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев актив отырысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысқан өңір тұрғындарына алғыс білдірді.

Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, сот және құқық қорғау органдарының басшылары, аумақтық департаменттер мен басқармалар жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Аймақта жалпы саны 722 594 сайлаушы дауыс беру құқығына ие болса, олардың 84,98 пайызы немесе 613 722 адам республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Осылайша, дауыс беру белсенділігі бойынша Жамбыл облысы республика өңірлері арасында алғашқы бестікке енді.

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес дауыс беруге қатысқан жамбылдықтардың 92,73 пайызы (569 074 адам) жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берген. Референдумға барлығы 1 930 байқаушы мен БАҚ өкілдері қатысып, құқықбұзушылық фактілері тіркелмеген.

Өз сөзінде өңір басшысы жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңызы зор тарихи құжат екенін ерекше атап өтті.

– 15 наурыз – ел өмірінде өшпес із қалдыратын айрықша күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында: «Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл ретте Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстары және өзге де өңір тұрғындарына алғысымды айтқым келеді», – деген болатын.

Саяси науқанға белсене атсалысқан барша азаматтарға, әсіресе жастарға, қоғамдық ұйымдар мен коалиция мүшелеріне, еріктілерге айрықша ризашылығымды білдіремін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Салтанатты жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалар табысталды. Сонымен қатар облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғысхаты берілді.

Жиында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали мен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сауран Қалиев сөз сөйлеп, референдумның маңызына тоқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар