Жаңару күні – тазалықты, табиғатты аялауды, жаңашылдық пен жасампаздықты насихаттайтын ерекше күн.
Тараз қаласы, Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Шыңғыс Ерғараевтың айтуынша, байыпты бастаманың мақсаты – жастарға өнеге көрсету.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бүгінде дәстүрлі іс-шараға айналды. Акция басталғалы қаламызды көркейтуге, өзіміз өмір сүріп жатқан ортаны, айналамызды таза ұстауға бағытталған сенбіліктер, көктемгі, күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жиі өтіп тұрады. Бүгін де Наурызнаманың онкүндігіне байланысты ағаш отырғызу акциясы өтті. Акциямыздың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, – деді Шыңғыс Жомартұлы.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әмірхан Қанаев та өз ойын ортаға салып, көпшілікті туған жердің тазалығын сақтап, көркеюіне үлес қосуға шақырды.
Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕК




