Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНЫ ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНЫ ОТТАН ДА ЫСТЫҚ
ашық дереккөз
ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНЫ ОТТАН ДА ЫСТЫҚ
Жастар қай кезде де елдің рухы мен болашағының символы. Тәуелсіздік жылдарында егемен елдің ертеңі саналатын жастарды қолдауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Сөзіміздің бір дәлелі – биыл құрамында 105 мың белсенді жас бар «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар  рухы» Жастар қанатының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Бір баланың ғұмырындай 22 жылда іргелі ұйымға топтасқан жастар еліміздің дамуы үшін ерен еңбек сіңірді десек, артық айтқанымыз емес. Жанартаудай жалын атқан жастар небір қиын-қыстау кезеңде халықтың қасынан табылып, өздерінің жастық жігерін көрсете білді. Осы орайда «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбектен атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы сұрап көрдік.  – Патриот жастардан жасақталған біздің ұйым қазіргі таңда мемлекеттік жастар саясатының қозғаушы күшіне айналды. Біз жастар арасындағы барлық мәселелерді мемлекеттің күшімен шешіп тастау оңай еместігін екенін, көп түйткіл жастар бірлестіктерін ң азаматтық ұстанымы мен күш-жігеріне байланысты екенін жақсы түсінеміз.  Бүгінде Президентіміздің бастамасымен қоғамда жаппай түбегейлі өзгерістер басталғанын жақсы білесіздер. Сондықтан біз де жастар мен билік арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасына айналғымыз келеді. Сол себепті мүшелерімізбен ақылдаса отырып, бірқатар міндеттерді анықтадық. Біріншіден, түбегейлі өзгерістер өзімізден бастау алуы тиіс деген ұстаныммен аймақтық филиалдарымыздың қызметін күшейтуді, жоғары оқу орындарындағы, кәсіпорындардағы және өзге де ұйымдардағы бөлімшелеріміздің қызметін жандандыруды бастап кеттік. Филиалдарымыздың жұмысына арнайы индикатор белгілеп, тиісті рейтингін жүргіземіз. Екінші кезекте, зияткер ұлт – мемлекеттің тірегі, елдің одан әрі дамуы мен өркендеуінің негізі. Бүгінгі таңда жас қазақстандықтар Facebook, Google, Amazon, Apple, LinkedIn, Microsoft, eBay, Booking.com. сияқты әлемдік алпауыт к омпанияларды бағындыруда. Бұл құбылыс қаз ақстанд ықтард ың жоғары зияткерлік әлеуетін көрсетеді. Оны одан әрі дамыту және сақтау біздің міндетіміз болғандықтан, біз енді жастардың зияткерлік әлеуетін, кәсіби деңгейін көтерумен айналысамыз. Нақтырақ айтсақ, жоғары сынып оқушыларына дұрыс кәсіптік бағдар беріп, жастар арасынд ағы пікірсайыс қозғалысын күшейтеміз. Сонымен қатар гранттар, стипендиялар, конкурстар, шахмат турнирлерін, бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпарат ұсынылатын «Мүмкіндіктер форумын» өткізу жоспарымызда бар. Үшіншіден, жастардың арнайы санаттарын (ауыл жастары, NEET және жұмыссыз жастар) қолдау бойынша кешенді жобаларды іске қосамыз. Арнайы ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау үшін «Жастар-Жастарға» мобильді топтары жасақталады. Топ мүшелері елді мекендерге, базарларға, өзге де аталған санаттағы жастар орналасқан орындарға арнайы барады. Сондай-ақ «Өрлеу» кешенді жобасының аясында республика бойынша 1000 білікті ментор жасақтауды бастап кеттік. Төртіншіден, бүгінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қажеттіл ігі бұрынғыдан да пісіп-жетілді. Жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін «Сарбаз болғым келеді» атты Ашық есік күнін өткізіп, «Qaisar» әскери-патриоттық жобасын іске асырудамыз. Бесінші әрі ең маңыздысы, Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан. Жаңа Қазақстан азаматтарының құқықтары әрдайым тең. Сондықтан жастардың өз құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, пікірлерін ашық білдіруге, мемлек еттік басқаруға атсалысуға жағдай жасау – еліміздегі жетекші партия жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының бірден-бір міндеті.  Осы орайда жастарды заңнамалық актілерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс топтарына тұрақты негізде тартып, мемлекеттік және өңірлік дам у ба ғд а рламала рын , бюджеттерді қалыптастыруға, ол ард ың орындалуын бақылауға қатысуда «Жас депутаттар» корпусының мүшелері белсенді қатысатын болады,– дейді У.Болатбек. Әлемде орын алып жатқан геосаяси ахуал, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізіп жатқан әсері, ағымдағы жылдың басында елімізде орын алған қайғылы оқиға мемлекеттік саясатты ғана емес, «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының жұмыс бағдарын қайта қарауды қажет еткені рас. Сондықтан бүгінде Жастар қанатының атауы «Жастар рухы» болып өзгерді. Міне, содан бері жаңа атауды арқалаған ұйым жаңаша бағытты ұстанып, тың жобаларды жүзеге асырып келеді. Олар осылайша қоғамда жиі айтылып жүрген Жаңа Қазақстанның қалыптасуына нақты іс пен шынайы өзгерістер арқылы бар күш-жігерін салуда. – Бұл ұйымнан жастардың үйренетіні көп. Бізге қарап басқа жастар бой түзейді. Сондықтан да біз қоғамдағы жастардың рухын серпілту үшін түрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырып жүрміз. «Ардагерлерді ардақтайық», «Халің қалай, студент!» сынды жобаларымыз көпшілік тарапынан лайықты бағасын алып келеді. Сонымен қатар ауыл жастарына басым бағыт беретін «Өрлеу» атты жаңа жобаны іске қосқалы отырмыз. Жобаның мақсаты – жастардың құқықтық саяси сауаттыл ығын арттыру мақсатында онлайн түрде жастарға сабақ беру. Бұл әрине, болашақта жастардың азаматтық қоғам қалыптастыруына, сондай-ақ өздерінің бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты болып өсуіне жол ашады, – дейді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали. Осылайша «Ж астар рухы» ұйымы шынымен де қоғамдағы келеңсіз істерге қарсы тұрып, жастардың рухын көтеріп, ұлттың ертеңі, мемлекеттің болашағы жолында аянбай тер төгуге әзір. Әрине, жастардың ісі орынды, ойлары көкейге қонымды болса, қоғамнан да қолдау табатынына сенеміз.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар