Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ» ЖАЙЫ ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ» ЖАЙЫ ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН
ашық дереккөз
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ» ЖАЙЫ ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН
Өз алдымызға ел болып, тәуелсіздік алғалы жоқ-жітігімізді түгендеп, кем-кетігімізді бүтіндедік. Төрт құбыламыз түгенделіп, ауылдың да, қаланың да ажары ашыла түсті, тұрғындардың да тұрмысы түзелді. Тәуелсіздікпен бірге бой түзеген елді мекендердің ішінде Тараз қаласы да бүгінде заманауи келбетке ие болып, жайнап, жасара түскен. Халық бір мезгіл бой сергітетін саябақтар жаңғыртылып, қаланың кей аумағында жаңадан аллеялар, скверл ер ашыл ып, көшел ер жарықтандырылуда. Көне шаһардың ұлт құндылықтарын паш ететін жәдігерлері топырақ астынан аршылып, тарихи-мәдени орындар да жаңа тұрпатқа ие болды. Облыс орталығы бүгінде іскерлік пен өнердің, еңбексүйгіштіктің, кәсіп пен білімнің, салт-дәстүрдің, әдебиеттің, мәдениеттің, руханияттың ордасына айналды. Осы құндылықтардың түпкі темірқазығы ауыл болғанымен, оның дамуына ықпал етуші шешім Тараз қаласында шығарылып, береке мен байлықтың бастауына ұйытқы болуда. Халық саны да табиғи өсімнің және сырттан көшіп келушілер есебінен артып, соның әсерінен шаһар аумағы да жылдан-жылға ұлғайып келеді. Қаланың маңайындағы тұрғын алқаптар да көркейе түскен. Осыдан 4-5 жыл бұрын қаладағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңынан тұрғын үйлер салу, «Ұлы дала» (15-ықшамаудан) және 14- ықшамаудандарының құрылысын жүргізу қолға алынған еді. 2018-2021 жылдар аралығында «Ұлы дала» ықшамауданында 71 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, олар ел игілігіне пайдалануға берілді. Одан бөлек 23 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталған, ол нысандар да келер жылы пайдаланылуға ұсынылмақ. Қазір 14-ықшамауданда да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ж алпы Тараз қаласының шығыс бөлігінде орналасқан бұл аудан қалалық автобекет маңында орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда мамандандырылған IT лицей-интернаты, облыстық онкологиялық ауруха н а, к оро н ав ируспен күресушілерге арналған «Біз біргеміз!» монументі бар. Одан бөлек облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған ықшамауданда жобамен орта қабатты (5 қабат), көпқабатты (7-9 қабат) көппәтерлі үйлер мен жоғары қабатты үйлер салу көзделіп отыр. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 374,4 мың шаршы метрді құрайды. Көппәтерлі үйлердің саны 59 болса, тұрғындар саны 14,9 мың адамды құрайды деп күтілуде. Келешек те мұнда жалпы сыйымд ыл ығы 980 орынд ық 4 балабақша, әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 2 жалпы білім беретін мектеп, бір ауысымда 750 адамды қабылдайтын қалалық емхана, жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден асатын сауда, ойын-сауық орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру орталығы, Салтанат сарайы, Концерт залы және түрлі коммерциялық нысандар салу жоспарланған. Талас өзенінің жағалау аумақтары келешекте қаланың тұрғындары үшін демалыс орны ретінде қызмет етпек. Онда көше-жол желісін салу қолданыстағы желі және перспективалық жоспарлау құрылымы негізінде орындалмақ. Жоба бойынша көше-жол желісі жаңа тұрғын үй құрылысы есебінен ұлғаяды. Жобада қаланың орталық бөлігін 14-ықшамауданмен байланыстыру үшін Абай көшесіннің бас жағын аталған ауданмен түйістіру мақсат етілген. Сондай-ақ қаланың әртүрлі аудандарының бір-бірімен ыңғайлы көлік және жаяу жүргіншілер байланысын, көліктердің сыртқы автожолдарға шығуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл аумақта инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша жылу, газ, байланыс жүйелері жүргізіліп қойған. Ал электр және су, кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Мұны сөз етіп отырған себебіміз – «Ұлы дала» ықшамауданы да тәуелсіздігіміздің тәтті жемісінің бірі. Осы ықшамаудан құрылысы алғаш жүргізіле бастағанда облыстық, тіпті республикалық бұқаралық ақпарат құралдары ол ықшамаудан мәдени-іскерлік орталыққа айналатынын, сондай-ақ онда Конгресс-холл, Қаржы орталығы, Неке сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мұз сарайы, спорттың көркем гимнастика, жеңіл атлетика секілді түрлеріне арналған манеждер, бір типті коттедждер салынатынын жарыса жазған еді. Осыны есіне алған «Ұлы дала» ықшамауданының тұрғындары қазір сол айтылған нысандардың біреуінің де қазығы қағылмағанына қынжылыс білдіріп отыр. – Жас отбасымыз. Осыдан 3-4 жыл бұрын «Келешекте осы ықшамаудан қаланың көрікті жерлерінің біріне айналады, небір зәулім нысандар салынады» дегенді газет беттерінен оқып, осы жерден екі бөлмелі пәтер алғанбыз. Ықшамауданның құрыл ысы жүріп жатқанына 6 жылға жуықтады. Бірақ мұнда әлі күнге әлеуметтік маңызы бар бірде-бір нысан бой көтермеді. Ел «Ұлы дала» ықшамауданынан Мұз сарайы, Конгресс-холл секілді нысандар салынбайтын болыпты» деп даурығып жүр, осының анық-қанығын білгіміз келеді. Ең негізгі айта кетер жайт, алдымен бізге емхана керек. Жеке тұрғын үйдің екі-үш бөлмелі, тар ғимаратын жалға алған №5 емхана осы жерден өз филиалын ашқан. Филиал деген аты болмаса, тұрғындар УДЗ, МРТ аппараттарын айтпағанның өзінде, қажетті дәрігердің кеңесін, көмегін алу үшін бәрібір №5 емханаға сандалады. Мұнда 4-5 маман және патронаждық, екпе, лабораториялық био материалдарды алу кабинеттері және фильтр кабинеті ғана жұмыс істейді. Сол үшін бұл ықшамауданға бір емхана ауадай қажет дейді, – 15- ықшамаудан, №10 үйдің тұрғыны Ләззат Серікбайқызы. Тұрғынның «бір емхана бізге ауадай қажет» дейтініндей-ақ бар. Өйткені №5 қалалық емхананың «Ұлы дала» ықшамауданда орналасқан алғашқы медициналық-профилактикалық қызмет көрсететін аядай ғана аталған филиалы 13 500 адамға медициналық қызмет ұсынып отыр. Ал №5 қалалық емхананың өзі осы ықшамауданды қоспағанда «Астана», «Жансая» ықшамаудандарымен қатар, шаһардағы Құдайбердиев, Төле би, Ұлыбике ақын, Жамал Аппасов, Рысбек батыр, Рахимов, Исатай, Жумабаев, Хусаин, Дулатов, Саңырақ батыр, Мұсабаев, Бериккара, Т.Бигельдинов көшелері мен «Әуежай», «Дорожник» секілді тұрғын алқаптардағы 66 мың 300 тұрғынға қызмет көрсетеді. Осыншама тұрғынды медициналық қызметпен қамтуда бұл емхана үшін мәселе жоқ шығар. Алайда «Бұрыл» тұрғын алқабы, Ы.Сүлеймен көшесінің соңы, «Ұлы дала» ықшамауданы секілді сол маңайда тұрып жатқан 13 500 азаматқа емдеу мекемесін таңдауда шектеу болмауы керек. Сол үшін аталған ықшамауданнан емхана салудың маңызы бөлек. Бұл ықшамауданда емханадан да басқа мәселелер жетерлік. Мысалы, №7 үйдің тұрғыны Еділ Ғаниұлы мұндағы тұрғындар бала-шағасын жан-жақтағы метеп, балабақшаға таситынын, монша, техника жөндеу орталығы, автотұрақ секілді өзге де әлеуметтік және сервистік қызмет көрсететін нысандар мен қарапайым шаштараз қызметі үшін қала аралап кететінін, сондықтан «Кәсіпкерлерге сервистік қызмет ұсынатын нысан салу үшін арнайы жер учаскесі қарастырылса» деген де уәж айтты. Сонымен қатар жұртшылық мұнда аялдаманың жоқтығынан жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған суығында, жауын-шашында қоғамдық көлік тосып, далада иріліп тұруға мәжбүр екен. Тұрғындар көшелеріне асфальт төселмегенін, жолдары да тар екенін мәселе ретінде көтеріп отыр. Осы орайда біз облыстық білім басқармасына хабарласып, мұнда сыйымдылығы әрқайсысы 1500 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатқанын, к ел ер жылы пайдалануға берілетінін білдік. Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Арман Абдешовпен тілдескенімізде ол Тараз қаласының аумағындағы «Ұлы дала» ақшамауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізіліп жатқанын сөз етті. – Болашақта онда үш емхананың құрылысын жүргізу қарастырылып отыр. Оның бірі жекеменшік, екеуі мемлекеттік емхана болады. Конгресс-холлдың құрылысы жыл-басында бекітілген жоспар бойынша 2023 жылы 14-ықшамауданда жүргізілетін болады. Неке қию сарайы да қаланың орталығы, яғни «Mart» сауда, ойын-сауық орталығының артқы жағынан қарастырылған 20 гектар жерден бой көтереді. Мұз сарайы Тәуке хан көшесінің бойындағы «Атакент» сауда орталығына қарсы беттегі 7 гектар жерден спорттық кешен ретінде салынады. Ол спорттық кешенде жеңіл атлетика да, манеждер де, жатақхана да қарастырылған. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығы секілді мекемелер «Ұлы дала» ықшамауданында салынған кіріктірме үйлерден ашылады. Кіріктірме үй дегеніміз, яғни әу бастан астыңғы қабаты әкімшілік нысан үшін, ал үстіңгі қабаттары пәтерлерге лайықталып жобаланған тұрғын үйлер. Коттедждерге келетін болсақ, «Ұлы дала» ықшамауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілген біздің бөлімнің 250 гектар жер телімі бар, сол жерден коттедждер салу үшін жер учаскелерін аукционға шығару арқылы халыққа ұсыну жоспарда бар. Монша мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда оның біреуінің құрылысы Пушкин көшесінің соңғы жағынан салынып жатыр, екіншісі аталған ықшамауданның орталығынан бой көтермек. Басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар мен сервистік қызмет көрсететін орталықтар үшін де жер учаскелері қарастырылған, алдағы уақытта халыққа олар да аукцион арқылы ұсынылады. Бұл ықшамаудан 45 мың адамға арналса, қазіргі таңда ондағы тұрып жатқан тұрғындар саны – 17 мың, – деді Арман Әшімбекұлы. Егжей-тегжейл і жоспарға өзгерістер енгізу барысында алаңы 362,2 гектарды құрайтын «Ұлы дала» ауданының 47 гектарында сквер, саябақтар, демалыс аймақтары қарастырылып, 15-ықшамаудан аумағындағы екі бірдей каналдың бойынан тұрғындар серуен құруы үшін көгалдандыру аймақтары жобаланыпты. Сонымен қатар негізгі және ішкіаралық жолдардың кеңейтілуі де қарастырылған екен. Аталған бөлім басшысы осы шаруаның барлығы келер жылдан бастап қолға алынатынына сендірді. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді қазақ. Келер жылдың да төрге озуына бар-жоғы 15 күн қалды. Сәл шыдасақ, қыс өтіп, жаймашуақ көктем де келер. Бұрынғы жоспар секілді бұл да өзгеріске ұшырап кетпесе, әлі-ақ аталған нысандардың қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына куә болармыз.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар