Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент: «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс»

Президент: «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс»
gov.kz
Мемлекет басшысы салық жүйесін түбегейлі жаңғырту қажеттігін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының сөзінше, цифрландыру ісінде ілгерілеу болғанымен, бюрократиялық рәсімдер әлі де бизнеске кедергі келтіруде.

Президент жаңа Салық кодексі тек нормаларды өзгертумен шектелмей, ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа түсінікті қалыптастыруы тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды. Олардың адал еңбегінен түскен салықты елімізді дамытуға жұмсайды. Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті жасанды интеллект пен озық технологияларды тиімді пайдалана отырып, бизнеске қолайлы жағдай жасауы керек. Сондай-ақ даму институттарының жұмысын жетілдіріп, нақты салаларға бағытталған толыққанды қолдау орталықтарына айналдыру міндеті қойылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар