
Мемлекет басшысы Ұлттық қордың ел дамуына бағытталатын қаржылық тетігі ретінде қайта қаралуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Президенттің сөзінше, Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару жұмысы нәтижесінде бюджетке 850 млрд теңге түскен. Бұл қаржыға мектептер мен спорт ғимараттары салынып, денсаулық сақтау және су инфрақұрылымы нысандарының құрылысы мен жөндеуіне жұмсалған.
Сондай-ақ, комитеттің атауын өзгертіп, оны Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп атауды ұсынды.
Сонымен қатар ол салықтық жеңілдіктерді тиімді пайдалану керектігін, басымдық ел экономикасына шынайы пайда әкелетін жобаларға берілетінін атап өтті.
«Ұлттық қорды қосымша инвестиция көзі ретінде пайдаланып, болашағы зор жобаларды қаржыландыруға болады. Ең бастысы – қаражатты ұқыпты әрі сараптамаға сүйене отырып жұмсау қажет», – деді Президент.
Келесі мақала