Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖЕҢІС» ПАРОВОЗЫ – ТАРАЗҒА ТАРТУ

«ЖЕҢІС» ПАРОВОЗЫ – ТАРАЗҒА ТАРТУ
ашық дереккөз
«ЖЕҢІС» ПАРОВОЗЫ – ТАРАЗҒА ТАРТУ

Кеше Тараз қаласындағы «Теміржол вокзалы» аллеясында «Жеңіс» паровозының ашылу салтанаты өтті. 1945-1955 жылдар аралығында Коломенск зауытында шығарылған «Жеңіс» паровозы Жамбыл теміржолшылары атынан Тараз қаласына сыйға тартылып отыр. Айта кетейік, тарту ҚР Конституциясы күніне орай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 25 жылдығына және Қазақстан көлік кәсіподағының 30 жылдығына арналады. Салтанатты жиынға бірқатар зиялы қауым өкілдері мен теміржол саласының ардагерлері, қызметкерлері қатысты. – «Жеңіс» паровозы қаламыздың сәніне сән қосып тұр. Әрі теміржолшылардың қызметіне, саланың өткен тарихына құрмет десек те болады. Теміржол саласында жұмыс істеп келе жатқаныма 30 жылдай уақыт болды. Қазір бұрынғыдай емес, мемлекет тарапынан да бізге үлкен қолдау көрсетілуде. Жағдайымыз өте жақсы деп бағалауға болады, – дейді теміржолшы Ақмарал Райымқұлова. Шынымен-ақ «Жеңіс» паровозы қаланың ажарын ашып қана қоймай, сонау соғыс жылдарындағы тарихи сәттердің куәсі іспетті. Аттан алты мың есе жүкті мыңқ етпей таситын, бүгінде заманның дамуына ілесіп, халықаралық қатынастардың ең ірі, ең қолайлы тасымал құралына айналған паровоздың тарихи Таразға орналасуы жарасып-ақ тұр. – Алғаш 1901 жылы іргетасы қаланған қазақ теміржолының тарихы тереңде жатыр. Нақ осы жылы еліміздің батысында жолтабан ені 1524 мм болатын алғашқы теміржол салынды. 1904 жылдың қаңтар айында Орынбор қаласынан Қазалы (Кубек) стансасына дейін алғашқы пойыз жолға шықты. Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Сондықтан Тараз қаласындағы теміржол вокзалының алдынан паровоздың қойылуы шаһар жұртшылығы үшін үлкен қуаныш деуге болады. Әулиеатаға қонақ болып немесе жолаушылап келгендер паровоздың алдында суретке түсіп, жалпы теміржолдың тарихын біле жүретін болады, – деді теміржол саласының Құрметті ардагері Кәрім Көкірекбаев. «Жеңіс» паровозы салтанатты түрде ашылғаннан кейін Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән айтып, көрермендер мен жалпы жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар