Жаңалықтар
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымында қалды
- author AR-AY
- 2 желтоқсан, 2022
- 448

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымында қалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды.
Отырыста Премьер-Министр Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Әлихан Балқыбеков пен Нұржан Нұржігітовтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 191 депутаттың 164-і Н.Нұржігітовтің кандидатурасына дауыс берді, 27 депутат Ә.Балқыбековті таңдады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды
- авторAR-AY
- 11 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
«Бюджет қаржысы үнемделеді»: Жүргізуші куәлігінен электронды чип алынып тасталады
- авторAR-AY
- 11 қыркүйек, 2025