Жамбыл жаңалықтары
Әлихан Смайылов бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде айтты
- author AR-AY
- 2 желтоқсан, 2022
- 216

Әлихан Смайылов бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде айтты
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Облыс активімен кездесу барысында Әлихан Смайылов әкімдіктің алдында өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ішінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде міндеттер тұрғанын атап өтті.
Алдағы жылдары әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, жергілікті жолдардың сапасын арттыру және т. б. шаралар жүзеге асырылмақ.
9,5 мың оқушыға арналған 13 жаңа мектеп және 30 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны ашылады, сондай-ақ 3 аудандық аурухана жаңғыртылады.
2021 жылдан бастап коронавирус инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың екінші кезеңінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.