Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
ҚАЖ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту мақсатында №26 түзеу мекемесінде тәрбиелік мән-мазмұнды іс-шаралар жиі өтеді. Мәселен, жуырда ғана кадр бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Әмина Масатбай арнайы жиында баяндама жасады.
Жалпы, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Десе де, бұл дертті бүкіл ел күш біріктіргенде ғана жеңе алады. Осылайша, Президент айтқан Әділетті Қазақстанға алғашқы қадам жасалмақ!