Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ...

ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ...
ашық дереккөз
ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ...
«Йакын инкар» – елімізде экстремистік деп танылған «Таблиғи жамағат» ұйымынан кейін бөлініп шыққан топ. «Таблиғи жамағат» ұйымын Мәулана Мұхаммед Ілияс (1917-1965 жылдар) 1926 жылы Үндістанның Делхи маңындағы Мәуат мекенінде құрған. Бұл – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Үндістандағы мұсылман халықтың өзге діни сенімге бет бұруының артуына байланысты қарсы құрылған қозғалыс. Ал «Йакын инкар» тобының қашан және қайда құрылғаны нақты белгісіз. Бірақ Қырғыз Республикасының сарапшы-теолог мамандарының сөзінше, діни ағым шамамен Қырғыз елінің Ыстықкөл облысында 2010 жылдары пайда болған. Кейіннен Шу, Нарын, Баткен, Ош, Жалал-абад облыстарында аталған ағымның ұстанушылары байқала бастаған. Қырғызстанда жалпылама «Таблиғи жамағат» ұйымына тыйым салынбағанымен, шектен шыққан «Йакын инкар» жамағатына 2017 жылдың 15 маусым күні Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының шешімімен заңды түрде тыйым салынған. «Инкар» – «бас тарту» деген мағынаны білдіреді. «Йакын инкар» көп нәрседен бас тартады, тіпті емделмейді, көлікке де мінбейді. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) кезінде қалай жүрсе, солай жүру керек деп есептейді. Ұйым мүшелері ғылыми-техникалық жетістіктерді және зайырлы билікті мойындамайды. Олардың арманы – ортағасырлық заманға, яғни шариғат заңымен өмір сүруге оралу. Ұйым мүшелерінің көбі ауылдан шыққан жұмыссыз жастар болып келеді. «Йакын инкар» рухани қызметті реттейтін заңдарды мойындамайды, соған сай ешқайда ресми тіркелмеген. Олардың сыртқы түр-келбеті – шашы мен сақалы ұзын, пәкістандық үлгідегі киім киеді. Астана қалалық прокуратурасы 2018 жылы «Йакын инкар» ұйымының әрекетін экстремистік деп танып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілер, месенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салды.

Жанна ҚАДЫРҚҰЛОВА, Дін проблемаларын зерттеу орталығының Мойынқұм ауданы бойынша инспекторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар