Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КҮЗ ҚЫЗЫҚТАРЫ

КҮЗ ҚЫЗЫҚТАРЫ
ашық дереккөз
КҮЗ ҚЫЗЫҚТАРЫ
Күздің аяқталуына да оншақты-ақ күн қалды. Қараша айының ортасынан ауғанда еліміздің көп өңіріне, соның ішінде облыс орталығы Таразға да қар түсті. Аяз қаһарына мінгендей болып, алай-дүлей соққан боран да алда қыс келе жатқанын адамдарға бір ескертіп қойғандай. Алайда күнтізбеде әлі күз. Күздің де өз қызығы, тіпті тылсымы да бар. Ендеше осы мезгіл туралы біраз қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз. Көптеген зерттеулер бойынша, күзде дүниеге келген адамдардың 100 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі көбірек екен. 2011 жылы америкалық ғалымдар ұзақ өмір сүретін тұрғындарға зерттеу жүргізіп, олардың басым бөлігі қыркүйек пен қараша аралығында дүниеге келгенін анықтаған. Адам физиологиясы жыл мезгілдерімен тығыз байланысты. Күзде барлығы еселенеді. Мәселен, жазда гормондар саны құлдыраса, керісінше күзде гормондар саны шекті деңгейіне жетеді. Адамдардың көңілінің құлазып, депрессияға түсіп кететіні содан болса керек. Ғылыми ізденістердің нәтижесі бойынша, әлем халқының 5 пайызы жыл сайын бұл мезгілде ашуланшақтық, көңілсіздік және мазасыздық секілді психикалық күйді сезінеді. Бір қызығы, бұл алтын уақыт некеге тұрудың тамаша уақыты деп есептеледі. Жылдың осы уақытында ажырасулар аз тіркелген. Ғалымдардың пікірінше, күзде дүниеге келген адамдар бақыт билетін ұтып алған екен. Неге дейсіз бе? Біріншіден, олардың денсаулықтары мықты болады. Мысалы, күздің ортасында және соңында дүниеге келген сәбилер көктемнің соңы мен жазда туған балаларға қарағанда ірілеу болып келеді. Early Human Development журналында бұл айырмашылық жасы өсе келе де сақталатынын жазады. Яғни күзде туған балалар 7 жасында да орташа есеппен өз құрдастарына қарағанда ұзын немесе ірілеу болып келеді. Күз – саяхаттау үшін жақсы мезгіл. Жазғы демалыс пен жаңа жылда ұшақ билеттерінің бағасы күн сайын өсетінін ескерсек, алтын күзде билеттер ең арзан бағаға түседі. Тағы бір қызықты дерек, әдеттегідей көп аймақтарда күз қыркүйек айынан басталып, қазан және қарашаны қоса есептегенде 91 күнге дейін жалғасады. Ал Оңтүстік жарты шарда бұл мезгіл наурыз айынан басталып, сәуір және мамырмен қоса алғанда 92 күнге созылады. Сондай-ақ Ирландияда күз айлары біздікімен бірдей саналғанымен, кейбір консервативті ирландиялықтар бұл маусымды өздерінің ежелгі дәстүрлеріне сәйкес – тамыздан қазанға дейінгі аралық деп санайды екен.

Дайындаған Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар