Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіби оқытушылар өзара сынға түсті

Кәсіби оқытушылар өзара сынға түсті
ашық дереккөз
Кәсіби оқытушылар өзара сынға түсті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа еліміздің 13 өңірінің 15 колледжінен «Ветеринария» және «Агрономия» мамандықтары бойынша 22 педагог қатысты. Мал дәрігері және агроном мамандарының кәсіптік шеберлігін шыңдаған байқауға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мұхтар Исмаил, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агрономия» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мырзабаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мелиорация» кафедрасының доценті, PhD докторы Айнұр Жатқанбаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Азамат Құрбанов, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы Талғатбек Алтынбек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық филиалының бас маманы Ернұр Әштанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» кәсіпорнының Т.Рысқұлов аудандық филиалының маманы Андрей Сердюков сияқты білікті мамандардан құралған қазылар алқасы төрелік жасады. Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтарын анықтау және қолдау мақсатын көздейтін конкурстың барысында қатысушы педагогтар 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін бағалау электронды түрде жүргізілді. Байқаудың бірінші теориялық кезеңі мамандық бойынша тестілеу және ауыл шаруашылығы саласының стандарттарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру модульдері бойынша өткізілді. Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрады. Конкурс маманның өз бейіні бойынша кәсіби құзіреттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Практикалық кезеңінде қатысушылар өз бейіндері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті, яғни іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі аспектілері байқалды. Екі күнге созылған конкурстың қорытындысында агрономия саласы бойынша бас жүлдені Түркістан облысының Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқытушысы Бейбіт Мәмбет жеңіп алды. Ал І орынды Түркістан облысының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Азамат Қалдасов олжалады. Жүлделі ІІ орын Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Марат Ятаевқа, ІІІ орын Павлодар облысындағы Ертіс жоғары инновациялық аграрлық колледжінің оқытушысы Нұржан Абдиновке бұйырды. Ветеринария саласы бойынша бас жүлдені Түркістан облысындағы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Гүлжан Назиева, І орынды Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Жанар Байсакалова, ІІ орынды Алматы қаласындағы Еуразия аграрлық колледжінің оқытушысы Айдар Мұхаметқалиев иеленді. ІІІ орынға Қордай ауылшаруашылығы колледжінің оқытушысы Талғат Нуриев лайық деп табылды. Қазақстанның әр өңірінен келген өз мамандығының майталмандарына және қазылар мүшелеріне облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары тапсырылды. Қазылар алқасының мүшелері және конкурстың қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ауылшаруашылығы саласы бағытындағы оқу орындарына көрсеткен сенімі мен қолдауын жоғары бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымының республикалық конкурсты ұйымдастыру деңгейіне ризашылығын білдірді. О.МҰСАҚҰЛОВ, Құлан агротехникалық жоғары колледжі директоры, Т.Рысқұлов ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар