Қазақстанда президент сайлауының қорытындысы жарияланды
Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде біз 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл жалпы сайлаушылардың 69,44 пайызы. Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар: Қарақат Әбден - 206 206 дауыс немесе 2,6 пайыз; Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22 пайыз; Жигули Дайрабаев - 271 641 дауыс немесе 3,42 пайыз; Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53 пайыз; Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 дауыс немесе 81,31 пайыз; Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12 пайыз дауыс", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.Әбдіров осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғанын айтты.
Келесі мақала
Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қаржы бөліне ме?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024