Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қаржы бөліне ме?
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қомақты қаржы бөлінбейтінін айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Ол – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан соң.
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел президенттігіне алты азамат кандидат болды.
21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.
- Қарақат Әбден – 2,6% (206 206 адам дауыс берген);
- Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 адам);
- Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 641 адам);
- Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907 адам);
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31% (6 456 392 адам);
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731 адам);
- Бәріне қарсымын – 5,8% (460 484 адам).
Келесі мақала
Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024