Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордайлық журналист Құрманбек Әлімжанның жаңа кітабы жарық көрді

Қордайлық журналист Құрманбек Әлімжанның жаңа кітабы жарық көрді
ашық дереккөз
Қордайлық журналист Құрманбек Әлімжанның жаңа кітабы жарық көрді
Қордай ауданы, Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде өңірімізге белгілі журналист, өлкетанушы Құрманбек Әлімжанның «Парасат биігінде» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды kordai.audany. Кітапсүйер қауымның басын жиған келелі кешке аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардаргерлер кеңесінің мүшелері, кітапханашылар мен ауыл тұрғындары қатысты. «Парасат биігінде» – қырық жылға жуық журналистика саласында тер төккен Қ.Әлімжанның бесінші кітабы. Әр жылдары республика, облыс, аудан көлемінде баспасөзде жарияланған очерктер мен мақалалар, публицистикалары топтастырылған аталмыш кітап өмірі еңбекпен өрілген жандар жайында сыр шертеді, аудан тарихын қаузайды. Кітаптың лента қию салтанатты рәсіміне ауданымызың Құрметті азаматтары Төле Сүгірбай, Біржан Әлімбет және Әбдібек Сейілханов қатысты. Ал аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы қазақи дәстүрге сай автордың иығына шапан жауып, «Қаламыңыз мұқалмасын, еңбегіңіз жана берсін», дегін тілегін жеткізді. Ізгі тілектер легі бірінен соң бірі жалғасын тапқан кеште көрермен қауымға сиясы әлі кеппеген кітап сыйға берілді. Өз кезегінде Құрекең кітаптың шығуына демеушілік көрсеткен ауданның атқамінер азаматтарына алғысын білдірді. Төрт бөлімнен тұратын кітап жалпы көпшілікке арналған. Ол жақында ауданымыздың барлық кітапханаларына таратылатын болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар