ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТА IT АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ
Жуырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT академиясы ашылды. Білім алушыларды ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктеріне бейімдеу, ақпаратпен жұмыс істей білуге, технологиялық дағдыларды қалыптастыруды мақсат екен академияның ашылу салтанатына облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Марат Баяндин қатысты.
– ІТ құзыреттіліктерге ие болған мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне болашақта нарықтық экономиканың үрдісіне тиімді енуге және де кәсіби ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің қосымша мүмкіндіктері беріледі. Сондай-ақ білім алуды тиімді жалғастыру үшін олардың әлеуеті де артады.
IT академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына, атап айтсақ, 10 жастан 50 жасқа дейін барлығына қолжетімді ыңғайлы, ашық кәсіби және жеке даму жүйесі берілетін болады.
2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында республикада цифрландыру саласын арттыруға ерекше назар аударды.
Ағымдағы жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» жаңа ұлттық жобасы бекітілді.
Солардың бірі, республика бойынша 100 000 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі міндетке ерекше назар
аударылуда, – деді ашылу салтанатында сөз алған Руслан Мәскеуұлы.
Келесі мақала