ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ облыс бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мәуліт» кеші ұйымдастырылды.Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ облыс бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мәуліт» кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара мешіт ұстазы Жібек Болатбекқызының Құран оқуымен ашылды. Әжелер алқасы, қыз-к еліншектер жамағаты қатысқан жиында ұстаз Нұргүл Алиханқызы «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында уағыз айтып, көпшіліктің көзіне жас алдырды.
Сонымен қатар ұстаз Жазира Нұрсұлтанқызы Пайғамбарымыздың жақсы көретін тағамдары жайында насихат айтып, Алла елшісін хадистер аясында сипаттады.
Сауат ашу курсының шәкірттері көпшілікті ерекше әсерлендірген «Салауаттың пайдасы», «Пайғамбардың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинеге көшіп келуі» туралы қойылымдар қойды. Шәкірттердің сахналаған көрінісі де жамағатқа көп дүниені ұғындырды.
Іс-шарада арнайы бейнероликтер қойылып, толыққанды ақпараттар берілді. Алла елшісінің туғаннан бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі жайлы монолог оқылды.
Жиын соңында әйелдер жамағаты дастарқан жайып, дәмнен ауыз тиді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз хатшысы
Келесі мақала