Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр

Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр
ашық дереккөз
Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шешімдер қарастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі», - деді А. Аймағамбетов. Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді. Фото: t.me/KZgovernment
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар