Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда диплом мен аттестат QR-код арқылы цифрлық форматта беріледі

Қазақстанда диплом мен аттестат QR-код арқылы цифрлық форматта беріледі
ашық дереккөз
Қазақстанда диплом мен аттестат QR-код арқылы цифрлық форматта беріледі
Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингілеу цифрлы форматқа көшіріледі. Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі. Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы қалыптастырылады», - деді А.Аймағамбетов. Осы орайда министр ең қажет деген қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қамтылатынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді. Сонымен қатар, мектептерге арналған жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр. Бүгін Үкімет отырысында білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы бекітілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар