«eGov mobile» мүмкіндіктері кеңейтілді
«eGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдаланушыларға жаңартылған интерфейс, жеке тұлғаларға арналған Е-license қызметтері, кері байланыстың ыңғайлы түрі қолжетімді болды. Мобильді қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының сұранысқа ие 20 мемлекеттік қызметі қосылды.
Бүгінде мемлекеттік қызметтерді «eGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, телефондағы бірнеше тетікті басу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдеу және цифрлық форматқа көшу үшін «eGov mobile» функциялары мен мүмкіндіктері де кеңейтілді.
«eGov mobile» қосымшасында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн-қызмет пен сервис қолжетімді. 2022 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтерді 80 пайызға дейін «смартфондау» жоспарлануда.
Жаңартылған дизайнмен қоса «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы авторизациядан өткен жағдайда интернетке қосылмай-ақ пайдалану мүмкіндігі пайда болды.
Бүгінде «eGov mobile» мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және тағы басқа) тұрады.
«eGov mobile» мобильді қосымшасы азаматтар арасында сұранысқа ие және қажетті құжаттарды өзімен бірге «телефонда» алып жүруге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап тек «Цифрлық құжаттар» сервисі 47 миллионнан астам рет пайдаланылды. Бүгін біз пайдаланушылар бағалай алатын жаңа және ыңғайлы интерфейс жасадық. Осыған дейін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткен қолданушылар цифрлық құжаттарды интернет болмаған жағдайда пайдалана алады, енді бұл қызмет оларға әрқашан қолжетімді», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мамандары.
Қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының 20-дан астам мемлекеттік қызметі қосылды. Олардың ішінде ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру, ҰОС қатысушыларына куәліктер беру және тағы басқалары бар.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақпарат жиынтығынан құралған «Өмірлік жағдайлар» жаңа бөлімі қосылды. Бұл сервис азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басып, «e-Otinish» арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш беру тетігі пайда болды.
Айта кету керек, цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді. Бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.
Бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы банк» АҚ бөлімшелерінде, «Beeline» ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
Ең маңызды жаңарту: жеке тұлғаларға «Е-license» порталының 250-ден астам қызметін алу мүмкіндігі пайда болды. Олар: жеке кәсіпкер ретінде қызметінің болуы туралы хабарлама, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шақыруға фитосанитариялық сертификат беру.
«Биылғы жылы «ҰАТ» АҚ командасы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді 80 пайызға дейін «смартфондауды» жоспарлап отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысының құжаттар айналымындағы қағазбастылықты азайту тапсырмасы шеңберінде «Цифрлық мәліметтер» сервисін іске асыру жоспарда бар. Онда азаматтар анықтамаларды неғұрлым ыңғайлы тәсілмен ала алады және анықтаманы талап етілген жердегі электрондық пошта, мессенджер немесе QR-код арқылы жібереді. Енді қағаз түрінде басып шығарудың қажеттілігі болмайды», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
«eGov mobile» мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін «App Store» платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына «Play Market» және «App Gallery» платформаларында қолжетімді.
Аталмыш жаңартулар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыс бойынша филиалы Бірыңғай байланыс орталығының бөлімі
Келесі мақала