Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тіркеуіңіз болмаса айыппұл салынады

Тіркеуіңіз болмаса айыппұл салынады
ашық дереккөз
Тіркеуіңіз болмаса айыппұл салынады
Егер де сіз 1414 нөмірінен «Сізде тұрғылықты жеріңіз жоқ» деген хабарлама алсаңыз «eGov mobile» мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталындағы «Жеке кабинетте» тіркеудің бар-жоғын тексергеніңіз абзал. Хабарламаны алғаннан кейін «eGov мobile» мобильді қосымшасындағы «Мекенжайы» бөлімінде тіркеуді тексеру қажет. Егер «Мекенжайы» бөлімінде тіркелу мекенжайы пайда болмаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша келесі сілтеме арқылы тіркелу керек: https://egovmobile.page.link/P4008, немесе eGov.kz порталы арқылы тіркеліңіз. «Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін хабарламаның өзінде көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады. Енді мұны «eGov mobile» мобильді қосымшасының көмегімен жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін қолыңызда тек смартфон болуы жеткілікті. Бұл қызмет қазақстандықтар арасында танымал, биыл ғана eGov.kz порталы арқылы 600 мыңнан астам адам және 80 мыңға жуық қазақстандық «eGov мobile» арқылы тіркелді», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өту үшін SMS хабарламадағы сілтеме бойынша өту керек немесе осы нұсқаулық бойынша өту қажет: – мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз; – «қызметтер» бөлімін таңдаңыз; – «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз; – келу мақсатыңызды, қоғамдық санатты, білім деңгейін және басқа да деректерді толтырыңыз; – тұрғын үйге меншік құқығын таңдаңыз (егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз мекенжайдың тіркеу кодын енгізіңіз немесе сіздің үйіңіздің орналасқан жерін көрсетіңіз); – егер сіз тұрғын үй иесі болмасаңыз меншік иесінің ЖСН/БСН-ын енгізіп, тіркеу мекенжайын көрсетіңіз; – өтінімге қол қойыңыз; – меншік иесі жеке кабинетте хабарлама алады. Кейін өтінімді растайды немесе кері қайтарады. Өтінімді меншік иесі растағаннан кейін қызмет нәтижесі 15 минут ішінде пайда болады. Сондай-ақ порталда тіркелуге болады. eGov.kz-тің «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімінде порталдағы қызмет «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» деп аталады. Сәтті тіркелу үшін eGov.kz порталындағы «Жеке кабинетте» тұрғын үй иесі өтінімді растау қажет. Тұрғын үй иесі уақытша тіркеуден бас тартқан жағдайда жақын маңдағы ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну керек. Айта кеткен жөн, бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, 1 айдан астам уақыт өтсе – 7 АЕК немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 492-бабы) салынады.

Халыққа қызмет көрсету бойынша Жуалы аудандық бөлімі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар