Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫ АЙҚЫН

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫ АЙҚЫН
ашық дереккөз
АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫ АЙҚЫН
Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органы болып табылатын Аналар кеңесі қоғамдағы үйлесімділік пен бірлікті қамтамасыз етумен қатар, отбасын дамыту жөніндегі іс-шараларға белсенді атсалысуда. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылып, жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, көптеген игілікті істердің ұйымдастырылуына ұйытқы болуда. Сонымен қатар аналар қайырымдылық шараларына да белсенді қатысып, мұқтаж жандардың жанынан табыла білуде. Кеңес өкілдері көбінесе өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жиі барады. Олар осы мекемелердің тәрбиеленушілерін қолдауға, қажет болған жағдайда оларды түзетуге көмектеседі. Сондықтан да ол балалар қателіктер жібермеуге тырысып, қылмыстық жолға түспейді. Сонымен қатар аналар әртүрлі іс-шараларға қатысып, отбасылық құндылықтарды, үлкендерге құрмет көрсетуді, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын отырыстар мен кездесулер жиі өткізіп тұрады. Жуырда Аналар кеңесінің өкілдері Алматы қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып келді. Кеңесте көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, барынша пысықталып, болашақ жұмыстың міндеттері алға қойылды. Облыстық ҚХА Аналар кеңесі өкілдері әртүрлі деңгейдегі жобаларға да белсенді қатысып отырады. Мәселен, олар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын табысты түрде іске асыруда. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңір жастары қатысатын «Достық дастарқаны» жобасын іске асыру мақсатында шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Аналар кеңесінің өкілдері жастарды белсенді, позитивті өмір сүруге үндейді. Олар қоршаған ортада болып жатқан жағдайға бейжай қарамай, кез келген келеңсіз жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар