Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аймақта 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды

Аймақта 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды
ашық дереккөз
Аймақта 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды
Республика күніне орай облыста 6 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Олар – Меркі, Сарысу, Талас және Т.Рысқұлов аудандарындағы ауылдарда ашылған дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер. Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуын жергілікті тұрғындар көптен күткен болатын. Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген нысан 25 келушіге арналған. Дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ернар Есіркеповтің айтуынша, аудандағы барлық елді мекендер медициналық нысанмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. – Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі нығайып келеді. Салаға биыл 3,2 миллиард теңге бөлінген. 35 емдеу мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 305,1 миллион теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, қамтылу көрсеткіші 91,2 пайызға жетті, – деді Т.Рысқұлов ауданының әкімі. Дәл осындай 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория Талас ауданына қарасты Қаратау ауылдық округінің орталығы Есейхан ауылында да пайдалануға берілді. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков бұл биылдыққа ашылған аудандағы үшінші медициналық нысан екенін атап өтті. Ағымдағы жылы іске қосылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелер орталығы да таластықтар үшін үлкен олжа. Есейхандық тұрғындар мемлекет қолдауының арқасында игілікке қолы жеткендерін айтып, ризашылықтарын білдірді. – Жаңа дәрігерлік амбулатория енді ауылдықтардың орталыққа қатынап, уақыт жоғалтпай, тұрғылықты жерден ем алуына мүмкіндік береді, – деді ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Түзелбек Рахышұлы. Бұдан бөлек, бұл күні Меркі ауданының Гранитогорск ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Тәтті ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Сарысу ауданының Әбілда ауылында бес келушіге арналған медициналық пункт, Тоғызкент ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Айта кетейік, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін денсаулық саласында 76,2 миллиард теңгеге 118 жоба іске асырылып, 96 медициналық нысанның құрылысы жүзеге асады деп көзделген. Ал ағымдағы жылы 24 нысанның құрылысына 9,4 миллиард теңге бөлінген. Бұдан бөлек, «Ауылды жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 2023-2024 жылдары облыста 30 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізу бойынша ұсыныс жолданған. Қазіргі таңда 30 елді мекенде жер учаскелері анықталып, құжаттары әзірленуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар