Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Сексеуілді сақтайық»

«Сексеуілді сақтайық»
ашық дереккөз
«Сексеуілді сақтайық»
«JASTAR» аллеясында сексеуіл ормандарының жерді тозу мен шөлейттенуден қорғаудағы рөлі туралы халықты хабардар ету мақсатында Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына «4 тонна құм» арт-инсталляциясы ұсынылды. Аталған шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізетін «Сексеуілді сақтайық» атты жыл сайынғы ұлттық науқанның аясында ұйымдастырылды. Тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев және Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов қатысты. «4 тонна құм» – арт-инсталляциясы жақын маңдағы шөлден әкелінген құмға жартылай көмілген үй. Көмілген үй сексеуілді кесу салдарынан ауылдарға жақындап келе жатқан құмды бейнелейді. Арт-нысанда 4 тонна құмды пайдаланудың нышандық мәні бар, себебі тамыры қалың бір сексеуіл ағашы құмның дәл осындай мөлшерін ұстап қалып, жерді ақ сортаң мен шөлге айналудан сақтай алады. Ормандар Қазақстан аумағының 4,9 пайызын ғана алып жатыр, олардың жартысын дерлік сексеуіл ормандары құрайды. Елдегі қолданыстағы заңнамалық мораторийге қарамастан, қазақ шөлдерінің символына айналған сексеуілдің шамадан тыс кесіліп, жергілікті халықтың тамақ дайындау мен үйлерін жылыту үшін отын ретінде пайдаланылуына, орман өрттеріне, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында туындайтын аурулар мен зиянкестерге байланысты оған жойылу қаупі төніп тұр. Жиында сөз алған Сухроб Ходжиматов Жамбыл облысында да жердің тозуы мен шөлейттену қаупі бар екенін атап өтті. Айтуынша, облыс аумағында шөлейттену әсіресе үлкен құмды аймақтары бар Мойынқұм мен Шу аудандарында және Бетпақдала жазықтарында кең қанат жайып келеді. Елдегі қолданыстағы заңнамалық мораторийге қарамастан, осынау қазақ даласының символына айналған сексеуілдің жойылып кету қаупі төніп тұр. – БҰҰ ДБ көптеген жылдар бойы Қазақстан Үкіметінің биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау мәселелеріндегі негізгі әріптесі болып келеді. Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен, сондай-ақ өзінің ұлттық әріптестермен ынтымақтастығының шеңберінде БҰҰ ДБ ормандарды, оның ішінде елдің биоалуантүрлілігі үшін ерекше маңызы бар сексеуілді қалпына келтіру және сақтау бойынша бірқатар жобалық бастамаларды іске асырады, – деп атап өтті С.Ходжиматов. Мұнан соң сөз алған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп республиканы ауқымды көгалдандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, ол үшін өңір-өңір бойынша ағаш отырғызу көлемдері айқындалғанын тілге тиек етті. – Осылайша, әкімдіктердің табиғатты қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен 464 мың гектар аумақта 1,1 миллиард ағаш отырғызылып жатыр. Орман ағаштарының ең үлкен көлемдері Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында егілуде, – деді Данияр Тұрғамбаев.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар