Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қарызсыз қоғам»: 38 689 адам құқықтық көмек алды

«Қарызсыз қоғам»: 38 689 адам құқықтық көмек алды
Автор
Көпшілікке ортақ түйткілдердің түйінін тарқату, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру, жергілікті жердегі маңызы бар мәселелерді дер кезінде шешу халық қалаулыларының назарынан тыс қалмайды. Осы бағыттағы жұмыстарды ширату мақсатында кеше «AMANAT» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өтті.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету барысы, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы мен жетістіктері сөз болды. «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» және тағы басқа жобалардың жергілікті жердегі нәтижелері, сондай-ақ мәслихат депутаттарының халық алдындағы есептік кездесулер кестесін бекіту және өткізу форматы түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың сапасы мен олардың орындалу деңгейі талқыланды. Сонымен бірге тұрғындардан түскен талап-тілектердің орындалуы және жаңа өтініштерді жинақтау мәселесі де тілге тиек етілді.

Отырыста сөз алған фракция мүшесі әрі «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірлік үйлестірушісі Алтынай Молдашева атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасады.

– 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын «Өңірлердің экономикасын тұрақты дамытудың қоғамдық қоры» іске асырып келеді. 2023 жыл мен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін «Қарызсыз қоғам» жобасы офлайн режимде өтті. Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқытуды көздеді. 2025 жылғы 1 маусымнан бастап оқыту толығымен онлайн режимге көшті. Қаржылық сауаттылық бойынша оқыту «qogamfin.kz» платформасында жүргізіледі. Сол жылдың тамыз айынан бастап қаржылық тәуелсіздікті нығайту мақсат етілді. Бүгінде «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша құқықтық кеңес пен көмек «Bitrix24» платформасы арқылы берілуде. Бұл платформа тыңдаушыларға қоңырау шалуға және байланыс үшін веб-қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 17 ақпаны мен 20 желтоқсаны аралығында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында облыс бойынша 38 689 адам құқықтық көмекке жүгінді. Оның ішінде 33 525 адам қаржылық сауаттылық курстарынан өтіп, сертификатқа қол жеткізді. Сонымен бірге 5 164 тұрғын оқудан өтпей-ақ құқықтық көмек алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жобаға 10 аудан мен Тараз қаласының тұрғындары қатысты. Оның ішінде ауыл тұрғындары 27 980 адам болса, 10 709-ы – қалалықтар. Осы жылы 17 900 адамға көмек көрсету жоспарланып отыр. Жылдың бірінші тоқсанында 1 576 адам құқықтық көмекке жүгініп, олармен жұмыс жүргізілуде. Арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілуде, – деді Алтынай Молдашева.

Бұдан бөлек Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Уәлихан Болатбек, фракция мүшесі Марат Жұманқұлов сөз сөйледі. Депутаттар баяндамашыларға сауалдарын жолдап, жауабын алды.

Басқосу қорытындысында ұсыныстар мен жауаптар хаттамаға енгізіліп, оның орындалуы фракцияның бақылауында болатыны айтылды.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕКОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар