Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті

Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
Автор
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық іс-шаралары қарқынды жүріп жатыр.

Елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған акцияға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері де айрықша үлес қосуда.

Жуырда «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде инспекция қызметкерлері Тараз қаласындағы №26 мектептің ауласына оқушылармен бірге 30 түп ағаш отырғызды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері инспекция мамандары қаламызды көркейтуге, өзіміз өмір сүріп жатқан ортаны, айналамызды таза ұстауға бағытталған сенбіліктерді, бүгінгідей көктемгі, күзгі ағаш отырғызу іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді. Мәселен, инспекцияның 2026 жылғы жоспарына сәйкес бүгін өтіп жатқан «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы – осы сөзіміздің айғағы. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар басқа білім ордаларында да жалғасын табады, – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Ниязқұлов.

Өз кезегінде акцияға қатысқан оқушылар іс-шараның тәрбиелік мәні өте жоғары екенін атап өтіп, инспекция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар