Нұрсұлтан Арқабайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін, 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын, 2021 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «ГАПП» ЖШС-ның техник-жобалаушысы болып бастаған.
2012-2015 жылдары «Табыс-Жоба» ЖШС-ның бас инженері, 2015-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, 2021-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы, 2023-2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.




