Білім бәйгесінде өңір намысын қорғаған дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей интернатының шәкірттері айқын басымдық танытып, марапат биігінен көрінді. Атап айтқанда, 9-сынып оқушысы Ерсұлтан Мұратәлі білімі мен зеректігінің арқасында алтын медальді иеленсе, осы білім ордасының тағы бір дарынды шәкірті Ерназ Мәліктай күміс жүлдегер атанды.
Ерекше атап өтерлігі, Ерсұлтан Мұратәліге жарқын жеңісі үлкен мүмкіндікке жол ашты. Ол енді тамыз айында Грецияда өтетін дүниежүзілік додада Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Жалпы бұл олимпиада 2016 жылдан бері әлемдік деңгейде ұйымдастырылып келеді. Сегіз жыл ішінде 30-дан астам елдің ең үздік оқушыларын жинайтын беделді алаңға айналып үлгерді. Қазақстанда 2023 жылдан бастап ресми қолға алынған бұл жобаның басы-қасында Нархоз университеті тұр.
Ақтоты Жаңабай



