Әскери қызмет мерзімін өткерген сарбаздар 2026 жылы запасқа шақырылады
- author AR-AY
- Бүгін, 16:29
- 12
Құжатқа сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылады.
Сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар осы кезеңдерде мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Жарлыққа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастырып, оларды тиісті әскери құрылымдарға жөнелтуді қамтамасыз етеді. Ал Үкімет пен құзырлы мемлекеттік органдар әскерге шақырылған азаматтарды жөнелту мен запасқа шығарылатын әскери қызметшілерді қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етеді.
Аталған жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


