Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халықаралық іздеудегі алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Халықаралық іздеудегі алаяқ Қазақстанға қайтарылды
istockphoto.com
Қазақстан азаматы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023–2024 жылдары сыбайластарымен бірге ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдап, ірі көлемде қаржы жымқыруға қатысқан. Олар «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға жоғары табыс уәде етіп, жалған инвестициялық ұсыныстар жасаған.

Алаяқтар жәбірленушілерден түскен қаражатты өзара бөлісіп, жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық әрекеттер салдарынан еліміздің түрлі өңірлеріндегі 75 адамға жалпы 80 млн теңге шығын келтірілген.

Бұған дейін қылмыстық топтың төрт мүшесі сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал негізгі күдікті тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған айыптар бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар