Жамбыл облысы полициясы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау үшін арнайы нөмір іске қосты
- author AR-AY
- 16 наурыз, 2026
- 91
Енді өңір тұрғындары мен қонақтары өздеріне белгілі болған құқық бұзушылық деректері туралы Жамбыл облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына +7 707 890 9693 байланыс нөмірі арқылы тікелей хабарлай алады.
Сонымен қатар арнайы QR-код арқылы жедел түрде байланысқа шығу мүмкіндігі де қарастырылған.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл бастама өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Ведомство мәліметінше, түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




