Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аяулы аналар мен аруларға құрмет көрсетілді

Аяулы аналар мен аруларға құрмет көрсетілді
Ашық дереккөз
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде дәстүр бойынша аяулы аналар мен қыз-келіншектерді құрмет көрсетілді.

Салтанатты іс-шараға мекеме басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиында мекеме басшысы әділет полковнигі Ермек Джалгасбаев ару-аналардың ҚАЖ саласындағы айрықша рөліне тоқталып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамаларын жоғары бағалады.

– Мемлекет басшысының: «Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі рөлі орасан зор. Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді», – деп айтуы сіздерге деген сенім мен үміттің қаншалықты маңызды екенінің айқын дәлелі. Әйелдер қауымы қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүріп, ақ бесікті тербетіп, шаңырақтың шырағына, отбасының берекесіне айналып отыр. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде аналардың рөлі ерекше. Ұлттың болашағы – тәрбиелі ұрпақ десек, сол ұрпақты қалыптастыратын да – сіздерсіздер. Қай салада қызмет атқарсаңыздар да, жауапкершілік пен кәсібиліктің, табандылық пен мәдениеттің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен парасатты істеріңіз ел дамуының маңызды тірегіне айналып отыр, – деді Ермек Жармухамбетұлы.

Мұнан соң, қиындығы мол ҚАж саласында ер азаматтармен бірге иық тіресіп, құқық қорғау саласының дамуына зор үлес қосқан, жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар аналар мен аруларға лайықты марапаттары табыс етілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар