Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Ақордада өткен іс-шара барысында Президент Қазақстан әйелдеріне алғыс айтып, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Президенттің айтуынша, бұл мейрам мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың символы болып саналады. Ол әйел адамның қоғамдағы, отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы әйелді тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы деп атап, «бесікті де, әлемді де тербеткен» әйел жүрегі ізгіліктің мекені екенін айтты. Сондай-ақ әйелдің қадірі – елдің қадірі екенін ерекше атап өтті.

–Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға «Ана» сөзін қосып, «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, ұлттың болмысы, тілі, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары ұрпаққа ананың тәрбиесі арқылы дариды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар