Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әр азаматтың даусы шешуші рөл атқарады

Әр азаматтың даусы шешуші рөл атқарады
Автор
Кеше өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік қызметкерлерімен кездесті.

Басқосу барысында алдағы референдум мен Ата Заңға енгізілген өзгерістер кеңінен сөз болды. Коалиция мүшелері өз кезегінде «Қазфосфат» ЖШС-нің өкілдерін дауыс беріп, таңдау жасауға шақырды. Бүгінде аталған ұжымда 3000-нан астам адам еңбек етеді. Ал жиынға қатысқан әкімшілік құрамда 50-ден аса маман бар.

Облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаровтың айтуынша, «Қазфосфат» ЖШС-нің қызметкерлері қан тапсырып, соның есебінен 2,5 айға жететін донорлық қажеттілік өтелген. Сондай-ақ депутат өз кезегінде референдумның маңызын да сөз етті.

– Бүгінде қоғамда өзекті мәселе көп. Сондықтан өзгерістердің орын алуы заңдылық деп білемін. Көптеген түйіткілдің түйінін тарқату мақсатында алты айдан астам уақыт бойы жан-жақты саралаудың нәтижесінде елімізде Конституцияға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Осы орайда сіздерді 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын, – деді.

Басқосу барысында өңірлік коалиция жетекшісі, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов та сөз алып, референдумның маңызына тоқталды.

– Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – жаңа Конституцияны түсіндіру. Өздеріңізге белгілі, әлем қазір күрделі жағдайда. Осындай уақытта егемендігімізді, тәуелсіздігімізді сақтау аса маңызды. Сол үшін Ата Заңымызға енгізіліп жатқан өзгерістерге бейжай қарамауымыз керек. Енді білім мен ғылымға көп көңіл бөлінбек. Бұл – біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Ел тағдырына қатысты кез келген маңызды шешімді жұрт болып жұмыла шешеміз» деген болатын. Сондықтан алдағы дауыс беру науқанына қатысу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Әр азаматтың даусы шешуші рөл атқарады, – деді ол.

Сондай-ақ коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған стратегиялық басымдықтарға сәйкес келетінін атап өтті.

Нұрбақыт МҰСАТИЛЛАҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар