Жамбылда сотты болған қос азаматшаның жазасын өтеу мерзімі кейінгі қалдырылды
- author AR-AY
- 27 ақпан, 2026
- 3
Дәлірек айтқанда, қолданыстағым заңнама аясында қос нәзікжандының жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Еске салайық, еліміздегі Қылмыстық Кодекстің 74-бабына сәйкес, жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер азаматтардың жазаны өтеу мерзімі кейінге шегеріледі. Осылайша, қос жүкті әйел азаматша еркін өмірге уақытша болса да қайта қадам басты.
Айта кетейік, сот үкімі негізінде кінәлі деп танылған нәзікжандының бірі – Қызылорда облысының тумасы. Ж есімді азаматшаға Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сай 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған. Ал алматылық келіншек Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.



