Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа Конституция жобасы: «Заң мен тәртіп» – басты қағида

Жаңа Конституция жобасы: «Заң мен тәртіп» – басты қағида
Қазақстан Бас прокаратурасы
2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Талқылауға Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, ғылыми қауымдастық пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және Әділ Қазақстанның орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған бастамаларының заңды жалғасы ретінде бағаланды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтынын атап өтті.

Бас Прокурор Берік Асылов өз сөзінде Негізгі Заңның Преамбуласына «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу оған іргелі конституциялық құндылық мәртебесін беретінін айтты. Оның пікірінше, бұл қоғамдағы құқықтық сананы нығайтып, заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, ұсынылған түзетулер прогрессивті сипатқа ие. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейтуге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Конституция жобасы кеңінен қоғамдық талқылаудан өтуде, ал алдағы өзгерістер мен жаңғыртулар жөнінде халыққа жан-жақты ақпарат беріліп жатыр. Ашық диалогтың маңызын атап өткен Бас Прокурор түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру және жоба бойынша пікір алмасуға кәсіби әрі азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту қажеттігін айтты. Бұл тәсіл реформалардың мәнін бұрмалап түсіндірудің алдын алып, жаңашылдықтардың мазмұнын объективті қабылдауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел барысында жаңа Конституция жобасының практикалық қырларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:

– Заң алдындағы теңдік – құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету;
– Азаматтардың құқықтарын қорғау басымдығы – құқық бұзушылықтың алдын алуға және халықтың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған сервистік модельді дамыту;
– Құқықтық саладағы цифрлық шешімдер – жеке деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейте отырып, үлкен деректер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу;
– Құқықтық мәдениетті дамыту – тұрақты құқықтық тәртіптің негізі ретінде құқықтық білім сапасын арттыру және құқықтық сананы нығайту.

Өткізілген дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың заңдылық, әділдік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының заманауи конституциялық моделін қалыптастыруға белсенді үлес қосуға дайын екенін көрсетті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар