Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

200-ден аса тұрғын алаяқтардың арбауына түскен

200-ден аса тұрғын алаяқтардың арбауына түскен
Автор
Өткен жылы облысымызда қаржылық алаяқтыққа қатысты 4 қылмыстық іс тіркелген болса, оның басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-1 бабы бойынша, яғни қаржы пирамидасын заңға қайшы жарнамалауға қатысты болған. Жалпы соңғы үш жыл аралығында аймақта 200-ден аса азамат алаяқтардың құрығына түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Рахметов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, азаматтарымыздың қаражатын тартып алу үшін алдап-соғып жатқан қаржылық алаяқтықтармен күресу – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Жыл сайын елімізде әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстардағы жарнама, «YouTube» арналары және мессенджерлер арқылы мыңдаған адам осы заңсыз әрекетке ұрынады екен.

– Елімізде көпшілікке зиян келтіретін қаржылық алаяқтықтың негізгі түрі – қаржы пирамидалар. Алданған азаматтар алаяқтар ұрлап әкеткен мүліктерін не қаражаттарын заңнама жүзінде құқық қорғау органдарына жедел жүгіну арқылы ғана қорғай алады. Уақытты өткізіп алған жағдайда, алаяқтарға ұрланған қаражат шетелге өтіп кетуі мүмкін.

Осы ретте департамент келтірілген залалды өтеу және ұйымдастырушылар алған қылмыстық кірісті анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Былтыр тергеп-тексеру жұмыстары барысында және қабылданған шаралар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға 11 миллион теңгеден астам келтірілген залал өтелді. Жалпы соңғы 3 жыл аралығында 56 миллион теңге көлемінде залал өтелді.

Әдетте ірі алаяқтық ұйымдар өздерінің қылмыстық схемаларын бүкіл республика аумағында жүзеге асырады. Мысал ретінде Қаржылық мониторинг агенттігінің кең ауқымды операциясын келтіруге болады. Операция кезінде өткен жылы еліміздің барлық өңірлерінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Асар Баспана» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,1 миллиард теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 10 автомашина тәркіленді, – деді Нұрбол Жолдасұлы.

Баяндамашы алаяқтықтың жаңа түрі «дропперлік схемаларын» ерекше атап өтті. Осы схемалар бойынша алаяқтар азаматтарға заңсыз қаржылық операцияларды жүргізу үшін жеке банктік карталарын пайдалануға ұсынады екен.

– Қаржы пирамидасын құру және басшылық ету әрекеттері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз. Сонымен қатар, қаржылық пирамиданы жарнамалау әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-1 бабы бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Біз азаматтарды қырағы болуға және өз қаражаттарын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмауға шақырамыз, – деді Н.Рахметов.

Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында департамент профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Былтыр қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды бұғаттау үшін 6 мың сілтеме бұғатталған. 1900 қатысушылары бар мессенджерлерде 5 чат жабылыпты.

Сонымен қатар қазіргі таңда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларға көп көңіл бөлінуде. Департамент тарапынан халық көп жиналатын жерлерде және интернет желісінде қаржы пирамидалардың алдын алу бойынша бейнероликтер орналастыруда, одан басқа жергілікті және республикалық телеарналарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Мұнымен қатар облыстық екі форум және қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант ұйымдастырылыпты. Облыстағы жоғары оқу орындары мен оқу орындарында қаржылық қауіпсіздік бойынша 20-дан астам дәріс оқылған.

 

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар