Қауіпсіз қоғамға қадам: Таразда сталкинг мәселесі талқыланды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:33
- 21
Іс-шара Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Жамбыл облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, сталкингтің алдын алу жолдарын түсіндіру және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ету. Жиын барысында сталкингтің жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселе екені атап өтілді.
Қатысушылар құқықтық нормалар, қорғану тетіктері және құқық қорғау органдарына жүгіну жолдары жөнінде кеңінен ақпарат алды. Мамандар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді жолы екенін жеткізді.
Форумға полиция қызметкерлері, заңгерлер, кітапхана мамандары, студенттер мен қала тұрғындары қатысып, ашық пікір алмасу алаңында өз ойларын ортаға салды. Кездесу қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде бағаланды.


